Рейтинг:  5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

 «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі төмендегі жоба бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды: «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға және конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9.00-ден 13.00 дейін және 15:00-ден 18:30 дейін «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен келіп алуға болады.

Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық құжаттаманың көшермесін алу уақытында журналға тіркелуі тиіс. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Толстой көшесі 119 үй, 203 кабинет. Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 2019 жылғы 15 ақпан сағат 16.00-ге дейін «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдері 2019 жылы 29 сәуір күні сағат 16.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Толстой көшесі 119 үй, 203 кабинетте қабылданады. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2019 жылғы 2 мамыр күні 16.00-де «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ашылады.

Анықтамалық ақпаратты 8 (7252) 43-30-40 телефоны арқылы алуға болады.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить