Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 


Шымкент қаласы әкімдігінің
« 18 » шілде 2018 жылғы
№ 69  қаулысымен бекітілген



«Шымкент  қаласының  Еңбекші  ауданы әкімінің  аппараты»
мемлекеттік  мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  органы  болып табылады.
2. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі   азаматтық-құқықтық  қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен  Қазақстан Республикасының   заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін  шешімдер қабылдайды.
8. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы  мен  штат  санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент  қаласы,  Еңбекші ауданы,  Толстой көшесі  №119, индексі 160011.  
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі.
11. Осы Ереже «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің   құрылтай  құжаты  болып  табылады.
12. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  қызметін   қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесіне  кәсіпкерлік  субъектілерімен  мемлекеттік   мекеменің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
        Егер «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық  актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.  «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
15.  Міндеттері:
1)  әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
16. Функциялары:   
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының,  Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
5) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға  жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді;  
9)  мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
10)   халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
11)   жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
12)   жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
13)   елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
14)   туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
15)  аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс шаралар өткізуді ұйымдастыру;
16)   өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру;
17)   кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
18)   мәдени іс-шараларды ұйымдастырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан  және  қала әкімі аппаратынан  қажетті ақпараттарды алуға;
2) мемлекеттік  көлік құралдарын, байланыс және коммуникация  құралдарын пайдалануға;
3) қала әкіміне  аудан әкімі  аппаратының  қызметін  жетілдіру  жөнінде  ұсыныс беруге;
4) қала  әкімдігінің мәжілістеріне, қала әкімі және оның орынбасарлары өткізетін кеңестерге қатысуға;
5) мемлекеттік  және  мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен аппараттың жүргізетін мәселелері бойынша қызметтік хат жазысуларға;
6) мемлекеттік мекеменің,  қалалық  атқарушы органдардың  қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қала әкімдігі мен әкімінің қарауына жататын мәселелерді дайындауға қатыстыру үшін тартуға құқылы;
7) «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

18. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесіне  басшылықты   «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге  жүктелген мiндеттердiң  орындалуына  және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымымнан босатылады.
20. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес лауазымға тағайындалатын  және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде өкімдерге, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10)  «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес  оны  алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгiлейдi.
23. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

24. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекеменің   мүлкi оған  меншік  иесі  берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге бекiтiлген  мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған  мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Добавить комментарий


Защитный код
Обновить