Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен облыс әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

1). «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын алу үшін қандай құжаттар және қайда тасырамыз?

1). «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын алу үшін Сізге төмендегі құжаттарды жинап, Еңбекші ауданы әкімінің аппаратына тапсыруыңыз қажет (Толстой көшесі №119 үй, «Жедел жәрдем стансасы» аялдамасы). - Жеке куәлік көшірмесі 3 дана (А4 формат түрінде). - Қысқаша өмірбаяны (алқа тапсырушы анаға). - Наградаға ұсынылатын ана жұмыс істегені жағдайда, жұмыс орнының БИН және РНН нөмірлері. - Неке қию куәлігі (көшірмесі 3 данадан). -ХҚК орталығынан барлық отбасы мүшелеріне мекен-жай анықтамасы (барлығына 3 данадан). - Барлық балаларының туу туралы куәліктері (көшірмесі 3 дана). -Балаларының жеке куәліктерінің көшірмелері (16 жастан асқан балаларына 3 данадан). - Өзіңізге, барлық отбасы мүшелеріне және 16 жастан асқан балаларыңызға ХҚК орталығынан сотты болмағындығы жөнінде анықтама (барлығына 3 данадан). - Балалары туралы мәлімет еркін түрде жазбаша. - Скорошиватель (1 дана) - «Алтын алқа» алқасына тапсырушы ана бұрын «Күміс алқа» алқасымен марапатталған болса, алқа кітапшасының көшірмесі 3 дана.

2). Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алу үшін құжаттарды қайда тасырамыз ?

2). Тиісті құжаттарыңызды және отбасыңызға кіретін кірістерді растайтын анықтамаларыңызды Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырасыз.

3). Көше атауын беру үшін қандай жұмыстар жүргізу қажет ?

3). Көше атауын беру үшін, көше тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы толтырылып, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ұсынылады (жиналысқа көше тұрғындарының 50% астам тұрғындар қатысу қажет).

4) Некеге неше жастан тұруға болады?

4)Некеге 18 жастан тұрады, дәлелді себептер болған жағдайда неке жасын 2 жасқа төмендетуге болады.

5) Неке бұзу туралы куәлікті қалай алуға болады?

5)Заңды күшіне енген сот шешімі бар болса ХҚКО арқылы немесе АХАТ бөліміне тапсырып алуға болады, некені бұзу үшін кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар азаматтар сотқа арыз береді, 18 жастан асқан баласы бар өзара келіскен азаматтар АХАТ бөліміне арызданып, неке бұза алады.

6)Жаңа туылған нәрестеге туу туралы куәлікті қалай алуға болады?

6)Жаңа туылған нәрестеге ата-анасының неке қию туралы куәлігі болса ХҚКО арқылы ата-анасының арызы немесе сенімхат арқылы алуға болады, ал некеге тұрмаған аналар өзінің атына Қазақстан Республикасының “Неке және (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 192 бабының талабына сәйкес, өзінің атына, ата-анасы бірлесіп берген өтініші болса әкелікті анықтау бойынша әкесінің атына тіркеп туу туралы куәлік беруге болады. Туу туралы куәлікті тіркеу мерзімі 3 жұмыс күні.

7)Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде?

7)Шымкент қаласында 31000 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығына сәйкес, медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің жеке оңалту бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығын оңалту үшін өтініштері негізінде тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Олар:

- санаторий, курорттарға жолдамалар беру;

- қол арбамен қамту;

- гигиеналық құралдармен қамту;

- протез - ортопедиялық құралдармен қамту;

- жеке көмекші қызметі;

- құлағы нашар еститін азаматтарға ымдау тілі мамандарының қызметі;

- құлағы нашар еститін азаматтарды сурдотехникалық құралдармен қамту;

- көзі нашар көретін азаматтарды тифлотехникалық құралдармен қамту;

- үйде әлеуметтік қызмет көрсету.

Бүгінгі таңда қаламызда І топ және арбадағы мүгедектерінің тиісті ем қабылдау орындарына тегін жеткізуді қамтамасыз ететін 27 әлеуметтік такси, 10 инва-такси қызметі көрсетіліп келеді.

 

8) Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласында қандай бағыттар іске асырылуда?

Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде төмендегі негізгі бағыттар іске асырылуда:

1) Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй.

2) ҚТҮҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй: - халықтың барлық санаттары үшін; - жас отбасылар үшін.

3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі.

4) «Самырұқ-Қазына» АҚ-ның тұрғын үйі

9) Әкімдікке тұрғын үй алу кезегіне кімдер тұра алады?

ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68,74 баптарына сәйкес, коммуналдық түрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алу тізіміне тіркелуге, осы елді-мекенде тұрақты тұратын, соңғы 5 жыл көлемінде иелігенде жылжымайтын мүлік тіркелмеген:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері,

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы,

-мемлекеттік қызметші, бюджеттік мекеме және әскери қызметшілер,

-жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар тиісті құжаттарды жинақтап, халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «E-gov» электронды порталы арқылы тұрғын үй алу тізіміне тіркелуге өтініш береді.

Ескертпе:”E-gov” электронды порталы арқылы құжаттар тапсыру үшін міндетті түрде азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

10) Қандай санаттағы азаматтар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтылуға жатады?

ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына енген азаматтар бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқылы. Қалған санаттағы азаматтарға тұрғын үй әрбір тізімнің барабар санына қарай бөлінеді.

11)Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына кімдер жатады?

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

7) оралмандар;

8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

9) көп балалы отбасылар;

10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар жатады.

12)Тұрғын үйге кезегіне тұруға қандай құжаттарды жинақтайды және қайда тапсырады?

Мына төмендегі құжаттарды жинақтап, халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «E-gov» электронды порталы арқылы тапсырады. Ескертпе:”E-gov” электронды порталы арқылы құжаттар тапсыру үшін міндетті түрде азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

Құжаттар тізбесі:

1) есепке қою туралы өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін не паспорттарының көшірмелерін;

3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктерінің көшірмелерін;

4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы), ХҚКО алынады;

5) мекенжай анықтамасы;

6) өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;

7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты;

8) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады;

9) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады.

10) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;

11) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмеген не жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан не отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.

13)«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қандай азаматтар тұрғын үйге қол жеткізуіне болады?

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» екі жүйе арқылы тұрғын үймен қамтуды көздейді:

1 жүйе бойынша - банк салымшыларына (халықтың барлық санаты);

2 жүйе бойынша- «Жас отбасы» санатына жататын отбасыларға сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер қарастырылған.

14) «Жас отбасы» санаты бойынша бағдарламаға қатысуға қандай талаптар қойылады?

Бағдарламаға қатысу үшін жас отбасыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) бағдарламаға қатысу үшiн өтiнiш берген кезде ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де жасы 29 толмауы;

2) өтiнiш берген сәтте кемiнде 2 жыл тiркелген некеде болуы;

3) ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берiлген елдi мекенде тiркелуi;

4) бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерiнде Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл iшiнде меншiк құқығында тұрғын үйiнiң болмауы;

5) өтiнiш берердiң алдындағы соңғы 6 ай үшiн отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:

а) ең төмеңгі - күнкөрiс деңгейiнiң 3 есе мөлшерi;

б) ең жоғарғы – төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 12 есе мөлшерiнен артық емес.

15) «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағыты бойынша қандай азаматтардың үй алуына болады?

«Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйлері:

«ҚИК» АҚ-ы бағыты бойынша –жергілікті атқарушы органда кезекте тұратын төмендегі санаттарды ғана тұрғын үймен қамту қарастырылған, атап айтқанда: көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бұл ретте тұрғын үйдің 50 %-ы кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35-тен аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы сияқты жоғарыда көрсетілген санаттардағы адамдарға өткізіледі.

Сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді 20 жыл мерзімге дейінгі жалға берілетін тұрғын үй өткізілетін болады. Жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алуға жол беріледі.

16)«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы бағыты бойынша қандай азаматтардың үй алуына болады?

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы бағыты бойынша бағдарламаға қатысу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұру және төмендегі санаттарға жату қажет:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар,

- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар,

- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер,

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

- оралмандар,

- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар,

- көп балалы отбасылар,

- толық емес отбасылар,

- мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

17) «Жас отбасы» санаты бойынша және «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ-ы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы бағыттары бойынша тұрғын үй алуға өтінімді қай мезгілде және қалай тапсыруға болады?

«Жас отбасы» санаты бойынша және «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ-ы, «Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы бағыттары бойынша тұрғын үй алуға өтінім белгілі мерзім аралығында қабылданатыны жөнінде жергілікті телеарна және газеттерде (БАҚ), сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің (shymkent.gov.kz) және Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің (tkb.shymkent.gov.kz) ресми сайттарында хабарландырулар жарияланады.

ЖАО-ның жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйін, "ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйін және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы тұрғын үйлерін алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

8) жалақы туралы анықтама;

9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

10) меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;

11) Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.

18) Электронды цифрлық қолтаңбаны қалай ашуға болады?

Электронды цифрлық қолтаңбаны ашу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «E-gov» электронды порталы арқылы өтінім беріп, алуына болады.