Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

МАЗМҰНЫ

Тілдер латынша кітапша

Қазақ әліпбиі....................................................................................................

Негізгі тірек ұғымдар......................................................................................

І. Әріптердің емлесі.........................................................................................

ІІ. Түбір сөздердің емлесі. Қосымшалардың жалғануы...............................

ІІІ. Бөлек жазылатын сөздердің емлесі..........................................................

IV. Бірге жазылатын сөздердің емлесі...........................................................

V. Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі..................................................

VІ. Бас әріптің емлесі. Қосымшалардың жалғануы......................................

VІІ. Қысқарған сөздердің емлесі....................................................................

VIIІ. Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі.................................................................................................................

ІХ. Сөздердің тасымалдануы..........................................................................

 

ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ

латыннегізді әліпби

әріп атауы

кирилнегізді әліпби

әріп атауы

1

Аа

[а]

Аа

[а]

2

Áá

[á]

Әә

[ә]

3

Bb

[by]

Бб

[бы]

4

Dd

[dy]

Дд

[ды]

5

Ее

[е]

Ее

[е]

6

Ff

[fу]

Фф

[фы]

7

Gg

[gi]

Гг

[гі]

8

Ǵǵ

[ǵy]

Ғғ

[ғы]

9

Hh

[hy]

х, һ

[хы]

10

Ii

[i]

Іі

[i]

11

[iι]

и, й

[іи]

12

Jj

[jy]

Жж

[жы]

13

Kk

[ki]

Кк

[кі]

14

Ll

[yl]

Лл

[ыл]

15

Mm

[my]

Мм

[мы]

16

Nn

[ny]

Нн

[ны]

17

Ńń

[yń]

Ңң

[ың]

18

Оо

[о]

Оо

[о]

19

Óó

[ó]

Өө

[ө]

20

Рр

[рy]

Пп

[пы]

21

Qq

[qy]

Ққ

[қы]

22

Rr

[yr]

Рр

[ыр]

23

Ss

[sy]

Сс

[сы]

24

Тt

[ty]

Тт

[ты]

25

Uu

[u]

Ұұ

[ұ]

26

Úú

[ú]

Үү

[ү]

27

Vv

[vу]

Вв

[вы]

28

Yy

[y]

Ыы

[ы]

29

Ýý

[uý]

Уу

[ұу]

30

Zz

[zy]

Зз

[зы]

31

Shsh

[shy]

Шш

[шы]

32

Chch

[chу]

Чч

[чы]

 

НЕГІЗГІ ТІРЕК ҰҒЫМДАР

Әріп – дыбыстың графикалық таңбасы.

Дыбыс – айтылатын әрі естілетін ең кіші дыбыстық бірлік.

Фонема – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажырататын тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.

Емле – жазу нормаларын қалыптастыратын ережелердің жинағы.

Тіл үндесімі – бірінші буынның үндесіміне қарай бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатын қазақ тілінің негізгі дыбыстық заңдылығы.

Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасы сақталған негізгі бөлігі.

Фонематикалық принцип – дыбыстардың сөз ішіндегі немесе сөз тіркесіміндегі өзара әсері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылатын емле ұстанымы.

Морфологиялық принцип – жеке сөздің және күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылатын емле ұстанымы.

Қосымша – сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын грамматикалық бірлік. Қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп, не жуан, не жіңішке жалғанады.

Күрделi сөздер – сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынас жойылып, тұтасқан бірлік ретінде бір мағынаны білдіріп, бір ғана морфологиялық, синтаксистiк қызмет атқаратын, біріккен, кіріккен, қос сөз және атауыштық тіркес түріндегі сөздер.

Біріккен сөз – екі сыңардан бірігіп бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, бірге жазылатын сөз.

Қос сөз – сыңарларының саны екіден аспайтын және анықтауыштық-анықталушылық қатынасы жойылған, бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, сондай-ақ бір сыңарының, бір буынының, бір дыбысының өзгеріп қайталануынан жасалып, кейде бір сыңары мағынасыз, кейде екі сыңары да мағынасыз болып келетін немесе бір-біріне синоним, антоним сөздерден құралып, заттарды, құбылыстарды атайтын күрделі сөз түрі.

Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.

Шеттілдік сөз – жазба тұрпаты түпнұсқасынан үлкен айырмасы болмайтын өзге тілден енген сөз.

Кірме сөз – қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша игеріліп жазылатын өзге тілден енген сөз.

Атауыштық тіркестер – сыңарларының арасындағы байланысы тұрақты, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқаратын, зат пен құбылысты атайтын, ауыспалы мағынада жұмсалмайтын номинативтенген күрделі сөз түрі

Лексикаланған фразеологизм – поэтикалық мағынасын жоғалтқан, сөз орнына жүретін тұрақты тіркес.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

І тарау

ӘРІПТЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі

Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, е, і, о, о́, u, ú, у.

§1. а, е, і, у әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.

§2. а́, о, о́, u, ú әріптері сөз басында, бірінші буында, сондай-ақ қос сөз бен біріккен сөздің соңғы сыңарының бірінші және екінші буындарында да жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli; ataq-dáreje; atakásip, habar-oshar, kásiporyn; sózbe-sóz, kelissóz; el-jurt, tikushaq, qaz-úırek, aqtútek, endigári, ájeptáýir.

Е с к е р т у. Кейбір кірме және шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да а́, o, ó, u, ú, әріптері жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, skrınshot.

j, sh мен ı әріптерінің арасындағы а дыбысы жіңішке айтылғанымен, жазуда а әрпі таңбаланады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq, shaılaný.

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі

Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.

§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6, §7, §9, §10) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje; muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; rýh, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıgilik, jıyn, saı; ýaqyt, áleýmet, taý.

§4. ǵ әрпі сөз басы мен сөз ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.

§5. әрпі сөз ортасы мен cөз соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań. Бірақ ńóń сөзінде сөз басында жазылады.

ı, ý әріптерінің емлесі

§6. ı (й), ý (у) әріптері төл сөздерде дара дауыссыз дыбыс ретіндетаңбаланады: aı, úı, oıshyl, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn.

§7. Айтылудағы уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ınelik, ınabat, ıman; kıim, tıin, tıyn, mıras, sıa, sıaqty; bı, álipbı, tarıhı.

Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) сөздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да) жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.

ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baııdy, keııdi, moııdy.

§8. ı (и), ý (у) әріптері шеттілдік сөздерде дара дауысты дыбыс ретінде таңбаланады: ınstıtýt, kıno, granıt; ýnıversıtet, fýtbol, resýrs.

§9. Айтылудағы uý(ұу), úý(үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.

§10. Айтылудағы ıuý (йұу), ıúý (йүу) дыбыс тіркестері ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: baıý, qoıý, oıý, jaıý, taıý, kúıý, túıý, kórkeıý, kóbeıý, súıý.

 

ІІ тарау

ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ.

ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

Түбір сөздердің емлесі

Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндесімі бойынша жазылады.

§11. Сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem.

Е с к е р т у. Кейбір кірме сөздерде үндесім сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.

§12. Сөздердің, сондай-ақ сөз тіркесіндегі жеке сөздердің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес).

§13. Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша игерілген түрде жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez.

Қосымшалардың жалғануы

§14.Қосымшалар түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке болып жазылады: jumys-shy-lar-dyń,qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵa-lim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa. §15. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшалар қатаңнан басталады, дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń.

§16. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy, kórik kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy, paryq – parqy, qulyq – qulqy.

Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq qulyǵy; kórik kórigi (ұстаның құралы); qalyp qalyby (нанның қалыбы); qyryq qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин).

§17. Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: kinási, kinásiniń, kináli, kúnási, kúnásiniń, kúnásinе, kúnásinеn, shúbási, shúbásiniń, shúbásiz, kýási, kýásiniń, kýásinе, kýásinеn, kýálik, kýáger, kúmáni, kúmániniń, kúmándi, kúmánshil. Бірақ ашық дауыстылармен келетін қосымшалар жуан жалғанады: kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný.

§18. s немесе z дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес), jazsyn (jassyn емес); basshy (bashshy емес), aýyzsha (aýyshsha емес), qussha (qushsha емес).

§19. n дыбысына аяқталатын сөздерге ǵ, g, b, m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).

§20. k, q, p дауыссыздарына аяқталған түбір сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, g, ǵ, b болып ұяңданып жазылады: júrek júregi, súıek súıegi, kúrek kúregi; qazaq qazaǵy, baıraq baıraǵy, taraq taraǵy; kitap kitaby, aspap aspaby, lep lebi; Ал осы дауыссыздарға аяқталатын етістік түбіріне көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b, ý болып жазылады: ek egedi, tók tógedi; taq taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapynda, tarapymyzdan, qazaq – qazaqy тәрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.

§21. Түбір сөзге -hana, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді араб, парсы тілінен енген және төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qairatker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.

§22. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде септік жалғаулары сөздің тәуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, Elbasynda, otbasyna, otbasyn, otbasynda, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasynda, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasynda, otanasyna, otanasyn, otanasynda. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.

 

ІІІ тарау

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

§23. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, jel arqan, bota kóz, qara shaı, at qora, bas súıek.

§24. Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt, bir myń toǵyz júz elý úsh, tórt mıllıard, jıyrma úsh bútin onnan bir.

§25. Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary, qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.

§26.Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің әрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, jumys jasaý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap qoıý.

§27. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de; halyq ta, úkimet te; Bar ma? Sóıleı me? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?

Е с к е р т у. Ma (me, ba, be, pa, pe) сұраулық шылауы түбір сөз бен қосымша арасында қолданылғанда my (mi, by, bi, py, pi) болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады: Baramysyń? Kelemisiń? Sultanbysyń? Tólenbisiń?

Qazaqpysyń? О́zbekpisiń?

§28. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: ý da shý, as ta tók, ur da jyq, qara da tur, kir de shyq. Бірақ -tyq, -tik қосымшасымен келгенде бірге жазылады: urdajyqtyq, astatóktik.

§29. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.

Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.

§30. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, baǵy jandy, ıek artty, bas tartty, bet burdy, qol jalǵady, qol ushyn berdi, ıin tires, qyrǵı qabaq. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý, atsalysý, aqkóńil (§39 қараңыз).

 

IV тарау

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

§31. Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).

§32. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық, әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып, кәде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.

§33. Бірінші сыңары ásire, bir, kóp, jalpy сөздерімен және avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ıntra, ınfra, kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, ýltra, foto, elektr шеттілдік сөздерімен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birjutym, birqaınatym; kópmándi, kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; avansahna, avıamektep, avtojol, agrokeshen, antıdene, aeroshana, elektrsúzgi, fotosýret, gıdrobeket, gıperbelsendi,

 

V тарау

ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады.

§40. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, pah-pah, áýkim-áýkim.

§41. Сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы болатын, сондай-ақ сыңарларының мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz, salt-dástúr, er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyǵys, júrek-tamyr syrqaty, shtrıh-kod, emdik-saýyqtyrý, oqý-jattyǵý, ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi, kári-jas, alys-jaqyn, ashshy-tyshshy, alys-beris, joǵary-tómen, kóshi-qon, aıtty-aıtpady, kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-qurtań, kóılek-kónshek, et-met.

§42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý-jeteý, bireý-ekeý.

§43. Еліктеуіш, бейнелеуіш мәнді қос сөздер дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-shuqyr, shart-shurt, sart-surt, sart-sart, tars-turs, tars-tars.

§44. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradan-týra, joǵy-joq, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke, teginnen-tegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp-shaıyp, qyryp-joıyp, jylap-eńirep, ósip-ónip.

§45. Реттік сан араб цифрымен берілсе, оның түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады және қосымша үндестік заңына сәйкес жалғанып, дефис арқылы жазылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin,10-15-ten; 2018-jyl, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý. Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, direktordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.

§46. Цифрға тіркелетін % (пайыз), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-ǵa, 10 0С-den tómen.

§47. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.

§48. Ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: у́eb-braýzer, у́eb-dızaın, у́eb-ınterfeıs, у́eb-saıt; eks-ákim, eks-múshe.

§49. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис (-) арқылы бөлініп жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.

§50. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, UNESCO-ǵa (§74-76 қараңыз).

 

VІ тарау

БАС ӘРІПТІҢ ЕМЛЕСІ.

ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

 

§51. Әрбір жаңа сөйлем бас әріппен жазылады: Qonaqúıde, dóńgelek ústel ústinde qyzǵylt, kúńgirt sáýlesi bar tas sham janyp tur. Qyryn otyrǵan ákesiniń úlken kesek pishini Abaıǵa jartylaı ǵana kórinedi (M.Áýezov).

§52. Өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталады:

Paıda oılama, ar oıla,

Talap qyl artyq bilýge.

Artyq bilim kitapta,

Erinbeı oqyp kórýge (Abaı).

Жалқы есімдердің емлесі

§53. Кісінің аты, әкесінің аты, тегі бас әріппен жазылады: Dýlat Saǵynuly Berdaly, Qyrmyzy Nábıqyzy Seıdimbek.

§54. Кісі есімдеріне және -ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы буынына сәйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń, Álıhanǵa; Berdalyǵa; Dilshattyń, Dilshatqa; Nábıevanyń, Nábıevkе; Baıǵaraevtyń, Baıǵaraevqa.

Е с к е р т у. Соңғы буыны -мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-ǵa, Bilál-ǵa.

§55. Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala, Aqylbek, Jaqsybaı, Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdilda, Bıbihanym, Asyljan, Ahmetqazy.

§56. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар ауызша айтылуына сай жазылады: Aıǵyz, Baıgeldi, Esenǵul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet.

§57. Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, Ibragım, Ybyraıym, Bátıma, Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl, Ábdiqadir, Álbeıbarys.

§58. Тарихи тұлға есімдеріндегі ататекті айқындайтын сөзалды, сөзортасы нақтылаушы артикльдер есім сыңарларының ортасында, сөйлем басында,есім сыңарының алдыңғысы түсірілгенде, бас әріппен жазылады: Ábýnasyr ál-Farabı, Áz-Zahır Rýkn ád-Dın Beıbarys, Leonardo da Vınchı, Janna d’Ark, Fon der Gols, Lıýdvıg van Bethoven; Ál-Farabıdiń murasy barlyq túrki halyqtaryna ortaq. Barsha túrki halyqtary úshin Ál-Farabıdiń murasy qundy. Көрсетілген есімдерге қосымшалар буын үндестігіне сәйкес жалғанады: Leonardo da Vınchı (-diń, -ge, -i); Fon der Gols (-tyń, -qa, -y); Vılgelm fon Gýmboldt (-tyń, -qa, -y).

§59. Ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары бас әріппен және бірге жазылады: Jelaıaq, Qambarata, Oısylqara, Zeńgibaba, Shekshekata, Shopanata.

§60. Құрамында bı, jyraý, ata, ana, batyr, abyz, aqyn, bahadúr, han, seri, sal, datqa, sultan, qajy, sulý, begim, hanym, datqa, abyz, myrza сөздері бар ұлттық-мәдени қоғамдастыққа танымал кісі есімдерінің алдыңғы сыңары бас әріппен, екінші сыңары кіші әріппен бөлек жазылады: Móńke bı, Buqar jyraý, Qorqyt ata, Domalaq ana, Jalańtós batyr, Baıserke abyz, Dýlat aqyn, Ábilǵazy bahadúr, Abylaı han, Aqan seri, Birjan sal, Baızaq datqa, Baraq sultan, Qunanbaı qajy, Baıan sulý, Aısheker hanym, Rabıa begim.

§61. Дәстүрлі мәдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында қолданылатын тұрақты эпитеттер бас әріппен жазылады: Úkili Ybyraı, Qyz Jibek, Jaqaıym shekti Jetes bı, Qazdaýysty Qazybek bı, Er Tarǵyn, Qaraqypshaq Qobylandy, Jaıaý Musa, Er Tóstik.

§62. Жануарлар мен құстарға қойылған күрделі атаулар бас әріппен және бірге жазылады: Aıtóbel, Qoıankók, Qulager, Bóribasar, Aqtós, Qaratorǵaı.

Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі

§63. Географиялық және астрономиялық атаулар бас әріппен жазылады: Alataý, Jetisý, Ertis, Jaıyq; Kún, Аı, Jеr, Sholpan, Jetiqaraqshy, Súmbile, Úrker.

§64. Muzdyq, muhıt, asý, aral, qum т.б. сөздермен келетін жер-су және астрономиялық атаулардың бастапқы сыңары бас әріппен жазылады: Qara teńiz, Tynyq muhıty, Kúngeı asýy, Barsakelmes araly, Borsyq qumy.

§65. Тұрақты анықтауыш арқылы қалыптасқан күрделі жер-су атауларының екі сыңары да бас әріппен және бөлек жазылады: Kishi Azıa, Ortalyq Qazaqstan, Batys Qazaqstan, Qıyr Shyǵys, Taýly Altaı.

§66. Күрделі жер-су атаулары бас әріппен, түбір тұлғасы сақталып, біріктіріліп жазылады: Araltóbe, Úsharal, Kókshetaý, Betpaqdala, Jarkent, Marqakól, Saryarqa, Saryaǵash, Jańaarqa.

§67. Қосарланған жер-су атауының екі сыңары да бас әріппен, дефис арқылы жазылады: Aqsý-Jabaǵyly qoryǵy, Úıtas-Aıdos jerasty sýy, Saıram-О́gem ulttyq parki, Balqash-Alakól oıysy.

Күрделі атаулардың емлесі

§68. Мемлекет және ең жоғарғы мемлекеттік басқару органдары мен лауазым атаулары бас әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Prezıdenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Premer-mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamenti Májilisiniń Tóraǵasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Úkimeti.

Бірақ мемлекеттік лауазым атауларындағы hatshy, mınıstr, depýtat, ákim, orynbasar, basshy, tóraǵa сөздері кіші әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik hatshysy, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamentiniń depýtaty, Túrkistan oblysynyń ákimi, Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdenti ákimshiligi basshysynyń orynbasary, Ádistemelik bólim basshysy, Til komitetiniń tóraǵasy.

§69. Мемлекеттік әкімшілік-басқару органдары (министрлік, комитет, департамент, т.б.), заңнамалық құжаттар күрделі атауларының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Ishki ister mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrliginiń Memlekettik múlik jáne jekeshelendirý jónindegi komıteti, Qazaqstan Respýblıkasy Aqparat jáne komýnıkasıalar mınıstrliginiń Aqparattandyrý departamenti, Eńbek kodeksi, Qazaqstan Respýblıkasynyń Eńbek kodeksi.

§70. Оқу орны, ғылыми мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары бас әріппен жазылады: Ál-Farabı atyndaǵy Qazaq ulttyq ýnıversıteti, Sh.Ýálıhanov atyndaǵy Tarıh jáne etnologıa ınstıtýty, Qazaqstan Sýretshiler odaǵy, Abaı atyndaǵy Opera jáne balet teatry, Qazaq ulttyq ýnıversıtetiniń Tarıh fakýlteti, Shyǵystaný fakýltetiniń Shyǵys fılologıasy kafedrasy; Til bilimi ınstıtýtynyń Til mádenıeti bólimi, Jazýshylar odaǵy Kórkem ádebıet bólimi, Til bilimi ınstıtýtynyń Ǵylymı keńesi.

§71. Ғимарат, ескерткіш, көркем әдебиет, музыка, сәулет, өнер туындылары атауларының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады: Beıbitshilik pen kelisim saraıy, Qazmedıa ortalyǵy, Táýelsizdik saraıy, Áziret Sultan meshiti, «Abaı joly» roman-epopeıasy, I.Esenberlınniń «Kóshpendiler» trılogıasy, «Alasapyran» romany, «Sardar» poemasy, «Aıqyn» gazeti, «Aıqap» jýrnaly, «Qazdar qaıtqanda» áni.

§72. Маңызды тарихи оқиғалардың, мереке атауларының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Aqtaban shubyryndy, Alqakól sulama, Zheltoqsan kóterilisi, Qurban aıt, Naýryz meıramy, Qazaqstan halqynyń birligi merekesi, Bilim kúni.

§73. Мемлекеттік наградалар, атақтар бас әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik syılyǵynyń laýreaty, «Halyq qaharmany» ataǵy, «Altyn qyran» ordeni, «Eren eńbegi úshin» medali, «Altyn alqa» tósbelgisi.

Жоба БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірледі

17 МСМ ТСК Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» 4.10.2018 ұлттық ғылыми-практикалық орталығы сынама-сараптамадан өткізді

 

VІІ тарау

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

 

§74. Басқы әріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас әріппен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сәйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShS-nyń; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, AQSh-qa, JShS-ǵa, MKK-ge.

§75. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған әлемдік мәртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, KAF. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай, дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; KAF-tyń, -qa.

§76. Күрделі атаулардың құрамындағы сөздерден жасалған аралас қысқарған сөздер төмендегіше жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Euroodaq (Еуропалық одақ). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ-dyń, -ǵa; Euroodaqtyń,-qa.

 

VIIІ тарау

КЕЙБІР КИРИЛЛ ӘРІПТЕРІ МЕН

ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

 

§77. ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Оларға қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler),

§78. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas, kvars, konstıtýsıa, korporasıa, seh; senarı, sıofıt, abses, absısa, plebısıt.

Е с к е р т у. Қатар келген ц әрпі ts тіркесі арқылы таңбаланады: pıtsa, Nıtsa.

§79. -тч дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі т әрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach.

§80. щ әрпі төл сөздерде shsh әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде әрпімен таңбаланады: ashshy, tushshy, keshshe; ýchılıshe, praporshık.

§81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, epopeıa, poetıka, koefısent.

Е с к е р т у. -оэ әріп тіркесімен аяқталатын сөзде э әрпінің орнына ı жазылады: aloı, kanoı.

§82. ю әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін ıý әріп тіркесімен: aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ú әрпімен таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, salút, valúta, búdjet, búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.

Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған ю орнына у́ жазылады: qıý, kıý, dıý.

§83. я әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ıa әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı, qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал дауыссыз дыбыстан кейін а́ арқылы таңбаланады: akýmýlа́tor, mýláj, zarа́d, kalkýlа́tor. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.

Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa.

§84. Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады, жіңішкелік белгі (ь) ескерілмейді: аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), dúbl (-diń, -i, -ge, -der), rúbl (-diń, -i, -ge, -der), parо́l (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -ke, -ter), púlt (-tiń, -i, -ke, -ter), ált (-tiń, -i, -ke, -ter), ós (-tiń, -i, -ke, -ter), vólt (-tiń, -i, -ke, -ter), búldog (-tyń, -y, -qa, -tar), batalón (-niń, -i, -ge, -der), medalón (-niń, -i, -ge, -der), kоról (-diń, -i, -ge, -der), gаstról (-diń, -i, -ge, -der), аlkogól (-diń, -i, -ge, -der), kúlt (-tiń, -i, -ke, -ter), gólf (-tiń, -i, -ke, -ter), vestıbúl (-diń, -i, -ge, -der), sırkúl (-diń, -i, -ge, -der), roıál (-diń, -i, -ge, -der), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), álternatıv (-tiń, -i, -ke, -ter), kоbált (-tiń, -i, -ke, -ter), festıvál (-diń, -i, -ge, -der), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álmanah (-tyń, -y, -qa, -tar), áltron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álfa (-nyń, -ǵa, -lar), váls (-tiń, -i, -ke, -ter), bálzam (-nyń, -y, -ǵa, -dar), pálma (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), оftálmolog (-tyń, -y, -qa, -tar), búldozer (-diń, -i, -ge, -ler), múltfılm (-niń, -i, -ge, -der), últrasáyle (-niń, -si, -ge, -ler), fólklor (-dyń, -y, -ǵa, -lar), vólfram (-nyń, -y, -ǵa, -dar).

Е с к е р т у. Мына сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: bron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), monastyr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), gýash (-tyń, -y, -qa, -tar), týsh (-tyń, -y, -qa, -tar).

§85. Жіңішкелік белгісімен (ь) келген буын құрамында e, ı әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буын үндестігіне сәйкес жалғанады: akvarel (-diń, -i, -ge, -der), stil (-diń, -i, -ge, -der), lager (-diń, -i, -ge, -ler), artıkl (-diń, -i, -ge, -der), kegl (-diń, -i, -ge, -der), premer (-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, -ǵa, -lar), relef (-tiń, -i, -ke, -ter), barelef (-tiń, -i, -ke, -ter), brakoner (-diń, -i, -ge, -ler), barer (-diń, -i, -ge, -ler), shıfoner (-diń,

-i, -ge, -ler), kelt (-tiń, -i, -ke, -ter), fılm (-niń, -i, -ge, -der), gelmınt (-tiń, -i, -ke, -ter), atele (-niń, -si, -ge, -ler), relef (-tiń, -i, -ke, -ter).

Е с к е р т у. Ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасына нұқсан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің (ь) орнына ı әрпі жазылады: Pıer; pıesa, lıe.

§86. е әрпінің алдында тұрған айыру белгісі (ъ) ескерілмейді, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, ıneksıa, feldeger, adektıv.

§87. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқа тілдегі тұрпатына ұқсас жазылады және оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -ler), aıfon (-nyń, -y, -ǵa, -dar), banknot (-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i, -ke, -ter), onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen (-niń, -i, -ge, -der), bıznesmen (-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y, -qa, -tar), blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler), fýrshet (-tiń, -i, -ke, -ter).

§88. дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, -ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der).

Е с к е р т у. -дж әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда d әрпі сақталып жазылады: búdjet, lodjy.

§89. Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, -ǵa, -dar), bal (-dyń, -y, -ǵa,-dar).

§90. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, programıs, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd, bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat; efekt, efýzıa, afekt, afrıkat, koefısent; týnel, aneksıa, anotasıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent, popýrı, sparıń, korektor, korozıa, presýpozısia, aparatýra, aplıkasıa, ıpodrom, opozısıa, oponent; aglútınatıv, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým.

Е с к е р т у. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады: esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna; súrrealızm, ırrasıonal, ırreal; trýppa; býdda, býddısm; ekker.

§91. -ий-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана ı әрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı.

§92. Шеттілдік сөздердің соңындағы а әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (-tyń, -y, -qa, -tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады.

§93. Сөз аяғындағы -cт, -сть, -зд әріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: jýrnalıs (-tiń, -i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń, -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń, -i, -ke, -ter), ensıklopedıs (-tiń, -i, -ke, -ter), Everes (-tiń, -i, -ke, -ter), sıez (-diń, -i, -ge, -der), vedomos (-tyń, -y, -qa, -tar), poves (-tiń, -i, -ke, -ter).

§94. p, h әріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, p, h ұяңданбайды: arhetıp - arhetıpi, stereotıp - stereotıpi, ketchýp – ketchýpy, sheıh - sheıhy, shtrıh - shtrıhy. Сондай-ақ h әрпіне аяқталған сөзге қосымшалар жуан жалғанады: seh – sehty, -qa, -tar, sheıh – sheıhty, -qa, -tar, shtrıh – shtrıhty, -qa, -tar.

§95. -рг, -кс, -лк, -кл әріп тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń, -i, -ke, -ter), lúks (-tiń, -i, -ke, -ter), polk (-tiń, -i, -ke, -ter), sıkl (-diń, -i, -ge, -der), hırýrg (-tiń, -i, -ke, -ter), metalýrg (-tiń, -i, -ke, -ter).

§96. -кт, -ск, -нкт, -пт, -мп, -мб, -фт әріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша y, i дәнекері арқылы, ал -кт, -ск, -нкт сияқты құрамында к әрпі барларына тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: faktige, faktisi; obektige, obektisi; dıskige, dıskisi; pýnktige, pýnktisі; akseptige, akseptisi; Olımpige, Olımpisi, rombyǵа, rombysy; shrıftige, shrıftisі.

§97. Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: parkıń (-niń, -ge, -i, -der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, -i, -der).

§98. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер ý әрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt.

§99. -ог әріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: pedagog-tar, pedagog-y, dıalog-tar, dıalog-y, еkolog-tar, еkolog-y.

 

 

ІХ тарау

СӨЗДЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ

 

§100. Сөз буын жігіне сәйкес тасымалданады: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beı-bitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik, qı-yn, bý-yn.

§101. Й мен у дауыссыздары екі дауысты дыбыстың аралығында келгенде, da-ýys (daý-ys емес), sa-ýat (saý-at емес), da-ıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады.

§102. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде сөздің түбірі сақталып тасымалданады: kúńgirt-teý (kúńgir-tteý емес), jańǵyrt-ty (jańǵy-rtty емес).

§103. Біріккен және кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-lys (dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).

§104. Бір буынды сөздер тасымалданбайды: aı, kún, vólt, kvars, pýnkt.

§105. Сөздің жеке әрпі сол жолда қалдырылады, келесі жолға тасымалданбайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (a-laqan емес).

§106. Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды.

§107. Кісі есімінің қысқартылған әрпі мен кісінің тегі тасымалданбайды: A.Baıtursynuly, B.Momyshuly, Ǵ.Mustafın, Á.Kekilbaı.

§108. Цифрлармен келген қысқарған өлшем бірлік атаулары және шартты таңбалар тасымалданбайды: 25 ga (25-ga емес), 50 sm (50-sm емес), 50% (50-% емес).

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить