Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Кредиттік тарихымды қайдан біле аламын?

 

Электрондық үкімет порталы «Дербес несие есебін алуға» жаңа қызметін іске қосуда. Еgov.kz. порталын әрбір қолданушы өзінінің кредиттік тарихын 15 минут ішінде тексере алады. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан.

Есепті алу үшін Қазақстанның белгілі бір банкінің төлем картасы мен электрондық – цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болу керек.

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңының 21- бабының 2 – тарауы бойынша кредиттік тарих субъектісі, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

Осы қызмет бойынша күнтізбелік бір жыл ішіндегі қайталап жүгінген жағдайда, төлем 500теңге (кредиттік бюро тарифі 400 теңге және 100 теңге порталдың төлемдік шлюзі арқылы төлем жасалғандығы үшін банктің комиссиясы) болады.

Жеке кредиттік есептемеде қарыз алушы жайлы және оның оған берілген міндеттемелерді орындауы туралы тауар немесе қызметтерді несиеге ұсынатын, екінші деңгейдегі банктерден, лизингтік және тағы басқа да компаниялардан келіп түсетін, толық ақпараттар бар болады.

Қарыз алушының банктерден және басқа да несиелік ұйымдардан оған түскен, кредиттік тарихындағы сұраныстар санын көруге мүмкіндік береді.

Кредиттік есеп беру қызметі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мен «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС мамандарымен жүзеге асырылған.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын саІІ-орталығынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

 

 

Қазақстан Республикасы Мобильдік үкіметі

 

«Сіз "мобильдік" азамат болуға дайынсыз ба?» тақырыбына сауалнама жүргізілді

Біз пайдаланушыларға электрондық мемлекеттік қызметтер мен сервистерді әр түрлі тәсілмен қолдану мүмкіндігін беруге тырысамыз. Қазіргі таңда онлайн-қызметтерді ұсынудың негізгі жолдары болып: eGov.kz порталы, қоғамдық пайдалану нүктелері, мобильдік қосымшалар, банктер терминалдары, e-License порталымен салық төлеушінің кабинеті табылады.

 

Бүгінгі күнде интернетке қосылуы бар ПК-ның болуы қолжетімсіз нәрсе емес, сондықтан енді мобильдік құрылғы үшін сервистерді дамытуды қолға алудың уақыты келіп жетті. Бұл қазіргі кезде тренд болып саналатындықтан емес, мәселе қазіргі заманғы адамның мұндай сервистердегі күн сайынғы қажеттілігінде.

Елімізде мобильдік үкіметтің дамуы - бүгінгі ІТ-саласы дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жыл соңына дейін мобильдік тұғырнамаға 50 қызмет пен сервисті шығару жоспарлануда. Көктемде біз сіздерден мобильдік телефон арқылы қандай қызмет не сервис түрін қолданғыңыз келетіндігі туралы сұраған едік, енді электрондық үкіметтің мобильдік сервистерін қолдануға қаншалықты дайын екеніңізді білгіміз келеді. Біздер үшін сіздің ойыңыз өте маңызды.

eGov мобильдік қосымшасы арқылы қазіргі таңда төрт жаңа е-қызмет қолжетімді болды. Олардың барлығы жылжымайтын мүлік саласына қатысты, атап айтқанда:

жылжымайтын мүліктің болмауы және болуы туралы анықтама

жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама

жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезектің нөмірін қарау

Бірінші үш қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі.

 

Мобильдік қосымшаны iOS және Android платформаларындағы телефондардың барлық пайдаланушылары пайдалана алады. Қосымшаның жаңа нұсқасында iOS7 қолдауының жақсартылғаны, сондай-ақ жұмыс тұрақтылығының да маңызы кем емес.

 

Жүктегеннен кейін, www.eGov.kz порталының веб-нұсқасына енгізілген деректерді (ЖСН және пароль) енгізе отырып, авторландыру қажет. Бұдан кейін мәзірде қажетті санат таңдалады – қазіргі кезеңде олардың саны 7 – және тиісті қызмет. Әрқайсысы аул мерзімі және басқа қосымша ақпарат көрсетілген сипаттамамен сүйемелденеді.

 

Қазіргі таңда eGov электрондық үкімет мобильдік қосымшасы арқылы 16 әр түрлі қызметтер мен сервистер қолжетімді. Олардың ішінде: балабақшаға кезекке қою, мекенжай анықтамасын алу, айыппұлдарды, салықтармен коммуналдық қызметтерді төлеу.

 

Жақын арада мобильдік қосымшалар арқылы ХҚКО-на кезекті брондауды іске асыру жоспарланып отыр.

 

Еgov.kz мобильдік қосымшасы қолданыста!

iOS және Android-қа арналған eGov.kz мобильдік қосымшасы

Ең танымал мобилдік операциялық жүйелер үшін іске асырылған порталмен жұмыс бойынша қосымша мына сілтемелер бойынша пайдалану үшін қолжетімді:

Мобильное приложение на App Store (iOS) (1.7.1 нұсқалы, өлшемі 16,01 Мб, 13.01.2014 жаңартылған)

Google Play (Android) мобильдік қосымшасы (1.7.1 нұсқалы, өлшемі 14,4 Мб, 10.02.2014 жаңартылған)

19 наурызда Астанада электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының көрсетілімі өтті. Мобильдік egov.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2012 жылы әзірленді. Қосымша қазақ және орыс тілдерінде iOS жәнеAndroid операционды жүйелері базасындағы телефондар үшін құрылды.

Таныстырылымның барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Еңсебаев Руслан хабарлап өткендей, мобильдік телефонның көмегімен қазақстандықтар бүгінгі күні мекенжай анықтамасын, балабақша орнына кезекке тұруға және оның жылжуын қадағалай алады. Одан басқа мүлікке, көлікке салықты, өсімді, коммуналдық қызметтерді, айыппұлдарды, оның ішінде жол қозғалысын бұзғаны үшін төлеуге, сондай-ақ дәрі-дәрмектің атауы бойынша жақын маңдағы дәріхананы табуға болады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны талап ететін электрондық қызметтерді алу үшін «ҰАТ» АҚ мамандарымен криптопровайдер, сондай-ақ пайдаланушылардың push-хабарламасының механизмі әзірленді.

Руслан Еңсебаевтың айтуынша бүгінгі күні мобильдік қосымшаның шығарып алынған саны өткен жылмен бастағанда iOS – 15 мың реттен аса, Android – 7 мың реттен аса шығарып алуды құрады.

Жоба басшысы Байрамова Алинаның айтуынша е-үкіметтің мобильдік қосымшасының қолайлығы және қажеттілігі шет елдегі шығарып алудың санымен расталуда. Ендігі шетелдегі Қазақстанның азаматтары коммунальдық төлемдерді, салықтарды төлеуге, қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Мысал ретінде 2012 жылы мобильдік egov.kz-ті Ресей, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Канада, Чехия және Швейцария сияқты елдерде 600 реттен аса жүктеген. Көрсетілім кезінде журналистерге телефон арқылы мекенжай анықтамасын алу мен коммуналдық қызметтер үшін төлеу көрсетілді.

 

Қосымшаларда қазіргі кезде қолжетімді қызметтер мен сервистер тізімі:

Тұрғылықты мекенжайдан мекенжай парағын алу.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу.

Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамаларды алу.

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама алу.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою және қарау.

Коммуналдық қызметтерді төлеу.

ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар төлеу (машина және техникалық паспорт нөмірі бойынша, жүргізуші куәлігі бойынша, хаттама бойынша).

Жаңа айыппұлдардың болуы/пайда болуы туралы push-хабарламалар алу.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу.

Елді мекендердегі жерге жеке тұлғалардың жер салығын төлеуі.

ХҚКО кезек алу.

Жеке тұлғалардың салықтары үшін өсімпұл, айыппұл, берешектерді төлеу.

Дәрілік құралдар немесе ИМН бойынша жақын дәріханаларды іздеу.

Жеке кабинеттегі Пайдаланушы профилінің мәліметтерін редактірлеу.

Мемлекеттік баж алымдарды төлеу (жеке куәлік алу үшін, жеке куәлік және паспорт алу үшін, тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін).

MyPay.kz мобильдік сервисі

MyPaykz - банк карточкасын падалана отырып, нақты уақыт режимінде ұтқыр телефон көмегімен қызметтердің түрлі өнім берушілерінің есеп-шоттарынан төлем жасау мүмкіндігін ұсынатын қазақстандық сервис. Төлемдердің қауіпсіздігі қатал түпнұсқаландыру рәсімімен кепілдендіріледі.

MyPaykz қосымшасының көмегімен бүгіннен бастап 50-ден астам компанияның қызметтерін оның ішінде Интернет, теледидар, коммуналдық қызметтер және МАЙ айыппұлдарды төлеуге болады. Қазақстанның барлық өңірлері үшін қызметтердің өнім берушілерінің толықтізімі осы жерде берілген.

Қазіргі уақытта сервис Қазақстанның келесі ұтқыр байланысының операторлары үшін қолжетімді «Кар-Тел» (ТМ Beeline, DOS) ЖШС, «Kcell» (ТМ Kcell, Activ) АҚ, «Мобайл-Телеком Сервис» (ТМ Tele2, neo) ЖШС.

Ал сіз "мобильдік" азамат болуға дайынсыз ба?

 

 

 

Аттестат пен білімі туралы дипломның телнұсқасын қайдан аламын?

 

Бұл қызметтерді көрсету үрдісін автоматтандыру мен оңтайландырудан кейін, енді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта білімі туралы аттестаттардың телнұсқаларын алу үшін азаматтың жеке куәлігі мен табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтама ғана керек.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы қызметтерді енгізгеннен кейін білім ұйымдарына бару қажеттілігі жойылды, бұл орайда кез келген ХҚКО-ға барып, өтінім берудің өзі жеткілікті. Оның үстіне бұл қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттардың тізімі оңтайландырудан кейін екі есеге қысқарды.

Айтпақшы, бұрын диплом мен аттестаттың телнұсқасын алу үшін газеттен жоғалғандығы туралы үзіндіні, туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтаманы үсыну, сондай-ақ жоғалу жағдайының толық сипаттамасы берілген өтінішті жазу талап етілген.

Бұл қызметті ХҚКО-да Қазақстан Республикасының адамдары, сондай-ақ Қазақстан аймағында тұрғылықты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар және Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары пайдалана алады. Аттестаттың телнұсқасын күнтізбелік он күн ішінде, ал техникалық және кәсіби білімі мен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқасын сәйкесінше 10 және 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.

 

Әскери қызметтен өткенін растау туралы анықтаманы алу үшін қандай құжаттар қажет?

 

Әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтама беру қызметі қазіргі таңда Шымкен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан ала аласыздар. Анықтама тегін беріледі. Ал, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қызметті Астана қаласының тұрғындары ала алады. ҚР МБ мәліметтер болған жағдайда қызмет көрсету мерзімі – 5 минут.

Қызметті онайн түрде алуға болады. 1. Порталда авторлану және «қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. 2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмеді). 3. Жеке кабинетте «қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.

Келешекте бұл қызметті ХҚКО-да алу мүмкін болады. Қажетті құжаттар: 1 Белгіленген үлгідегі өтініш. 2. Әскери билетті немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына). 3. Жеке куәліктің түпнұсқасы.

Қызмет көрсету нәтижесі – әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап.

 

Мүгедек жандарға мемлекет тарапынан қандай көмек бар?

 

Мүгедектерге көрестілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер;

Жергілікті атқарушы органдамен көрсетілетін қосымша әлеуметітк төлемдер;

Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері.

 

Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету

 

Жергілікті атқарушы органдар:

Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді. Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бар жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді.

 

Мүгедектердің мынадай құқықтары бар:

Әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу;

Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу;

Ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу;

Білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу;

Кәсіби дайындық және қайта дайындау. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу;

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй салу;

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік қызметі саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі;

Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.

 

 

 

Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?

 

Біздің заңымызға сәйкес неке жасы 18 жас. АХАЖ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата-аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Болашақ ерлі-зайыптылар АХАЖ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАЖ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептериен АХАЖ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындықтары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысумен неке мемлекеттік АХАЖ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларды мемлекеттік тіркеу АХАЖ-да емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс-әрекетке қабілетсіздігі, сондай-ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

Неке қию тілегін білдірген болашақ ерлі-зайыптылар АХАЖ органына өздерінің отырған жерін (үйін немесе жұмысын) тастамай және әлемнің әр түпкірлерінен неке қию үшін электрондық өтініш тапсыра алады. Өтінішті электрондық үкіметтің порталында www.e-gov.kz. толтырады.

Бұл элекртондық қызмет тек Қазақстан Республикасының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар. Бірінші рет неке қиып отырған және Интернетке қолы жетімді азаматтарына таратылады.

«Некені тіркеуге өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызметі өтініш берушінің немесе өтініш берушінің немесе өтініші берушінің беруінің тұрақты тұратын орны бойынша жүзеге асырылады.

Тұрақты тұру орны сәйкес келмеген жағдайда, АХАЖ қызметкері тіркеуден бас тартады. Сұраным жіберілген порталға байланысты жүйенің техникалық ақауы болған жағдайда немесе төлем жасалған басқа да себептер салдарынан порталға сұарным келіп түспеген болса, «1414» қолдау қызметіне хабарласу қажет.

«Некені тіркеуге өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызметіне электрондық төлем жасау кезінде некені тіркеу жүргізілетін АХАЖ органы орналасқан қалалық, аудандық салық органы таңдалды. Егер мемлекеттік қызметке төлем жасалған соң, қандай да бір себептермен некені тіркеуден бас тартылған болса, электрондық төлем чегі жасалған күннен бастап бір жыл ішінде мемлекеттік салық жарамды. Мемлекеттік салықты қайтару Қазақстан Республикасының күшіндегі заңына сәйкес жалпы бектілген тәртіпте іске асырылады. Өтініш беруші қолына дәлелді бас тарту қағазы келіп түссе төленген сомма қайтарылмайды.

 

Қайталама куәліктерді алуға қандай құжаттар қажет?

 

Азаматтардың хал актілерін тіркеу Ережелеріне және де Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес актілік және туу кітабының негізінде «ХҚКО» арқылы АХАЖ органдары және де Әділет органдарының аумақтық АХАЖ бөлімдерінің мұрағаттары азаматтарды өтініштері бойынша азаматтық хал актілерінің тіркелуі туралы қайталама куәлік бере алады. Қайталама куәліктер оларға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазба (немесе сенімхат бойынша) тұлғаларға беріледі.

Азаматтардың жүгіну кезінде:

Талап етілген құжат түрін нақтылау – куәлікті алуға, қажеттенбесе, онда туу туралы куәлік көшәрме беріледі (ол үшін мемлекеттік баж салығын төлеусіз куәлікке қажет етілген құжаттар);

Егер азаматтық хал актісін тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген болса, онда жай өтініш толтырылады. Ол егер ТМД елдері және Балтия елдерінде болған жағдайда сауалнама 2 (екі) данада толтырылады.

Өтініштегі көрсетілген нысаны бойынша толық толтырылуын талап ету:

Тегінің, атының, әкесінің атының толық жзылуын және өтініш берушінің қай қала, көше, үйінің және пәтерінің нөмірі толық көрсетілген мекенжайы;

Актілік жазбаның қашан және АХАЖ бөлімі немесе кент (ауылдық аймақ) орындалғаны (қала, село, аудан, облыс, республика) аттарын көрсету қажет;

Қайталама куәліктің қандай мақсатпен сұратылып отырғаны туралы;

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері құжат түрі (куәлік немесе төлқұжат). Құжат түрі (куәлік немесе төлқұжат). Құжатты берген орган (ІІМ,ӘМ) және берген күні, нөмірі;

 

4. Деректерді дұрыс көрсетпеген жағдайда сауал орындалмайтынын түсіндіру. Егер азамат (ша) тіркеудің нақты күнін білмесе, болжамды мерзімін көрсеткен жөн (айы, тіркелген жылы).

5. сенімхат бойынша қайталама куәлік алу үшін оператор растаған сенімхаттың түпнұсқасын немесе ксерокөшірмесін көрсету қажет.