Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

05.12.2018 жылы Б.Өтеп атындағы облыстық мектеп интернатында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік жастар көзімен» тақырыбында дәстүрлі жыр байқауы өтті. Байқауға Еңбекші ауданында орналасқан 37 мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Аудан әкімі Ильясов Ғалымжан Молдабайұлы байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтады.

 

Бас жүлде - №99 мектептің оқушысы Әлімжан Еңлік Пазылжанқызы;

Бірінші орын - №127 мектептің оқушысы Сейдахметова Алтынай Асқарқызы;

Екінші орын - №24 мектептің оқушысы Омар Ақнұр;

Үшінші орын - №119 мектептің оқушысы Батырбек Айлы Ғазизқызы;

Келесі номинациялар бойынша:

- «Көрермендер көз айымы» номинациясы бойынша №94 жалпы орта мектебінің оқушысы Тәжібай Нұрай;

- «Жас дарын» номинациясы бойынша Ю.Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектебінің оқушысы Батырбек Диас Медетұлы;

- «Жас ақын» номинациясы бойынша Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының оқушысы Еркін Нұргелді;

- «Арнайы жүлде» номинациясы бойынша №100 «Жұлдыз» жалпы орта мектебінің оқушысы Есенбай Камила Ермаханқызы;

 

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, Қабылбек Төретайұлы сайысқа қатысушыларға ізгі тілегін жаудыра отырып, есімді болашақ ақындарымызды аудан әкімінің сый-сияпаттарымен марапаттады.

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить